Текст
Әр адам өзінің туған және өскен жері туралы білуі керек. Өйткені, әр адамның кішкентай ғана өз бұрышы бар-ауыл, көше, үй…Бұл оның күшкентай отаны. Біздің ортақ ұлы Отанымыз осындай көптеген кішкентай туған бұрыштардан тұрады.
Осы мақсатта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2018 жылы мектеп өлкетану мұражайы өз жұмысын бастады . Мұражайда өткізілетін барлық іс – шаралар туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, оның тарихын білуге көмектеседі, осылайша оқушылардың рухани мәдениетінің өсуіне әсер етеді-бұл маңызды міндеттерді біздің мектеп шешеді.