Текст
Демалыс уақыты кезінде мектеп жоспарын жүзеге асыру аясында мұғалім Ахметова Ж.И. 3 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ертегілерім» викторинасын өткізді. Топ мүшелері сөзжұмбақтар шешіп, берілген суреттер бойынша ертегілердің атын анықтап, осы ертегілердің қысқаша мазмұнын айтты. Шара соңында әр қатысушы өзінің сүйікті ертегі кейіпкерінің суретін салып, жиналғандарға ол туралы баяндап берді.