Текст
Бүгін 9 сынып оқушыларымен 15 қараша Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық валюта – теңге» атты сынып сағаты, сонымен қатар «Кәмелетке толмаған адам заңды жауапкершілікке тартыла ма» тақырыбы бойынша қауіпсіздік сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихы мен маңызымен таныстыру, қаржылық сауаттылығын дамыту және туған елінің тарихына деген қызығушылықты арттыру. Балаларды қауіпті жағдайлардан алдын алып, үйде ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.