06.12.2024
Психология апталығының төртінші күні келесі ұранмен өтті: «Достық болмаса, адамдар арасындағы қарым-қатынастың құндылығы болмайды». 8-сынып оқушыларымен сыныптағы микроклиматқа жақсы әсер етіп, оқушылар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыратын «Құшақтау» акциясы өткізілді. «Көңілді бес минут» - сабақтар арасындағы үзілістер ойындармен өтті.