Текст
24 наурыз - «Табиғат күні». Бұл күні орта буын оқушылары үшін экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жер бетіндегі және ғарыштағы адам миссиясы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Балалар жер бетіндегі адамның рөлі, өсімдіктер мен жануарларға деген ұқыпты көзқарасы туралы пікір білдіріп, «Ізгі ниетті», «Адал жүректі» адам ұғымдары туралы өз пікірлерін білдіріп, мейірімділік ережелерін талқылады. Сондай-ақ, оқушылар ғарыштағы адам миссиясының таныстырылымдарын дайындады. Іс-шара соңында балалар әрбір адам қоршаған әлемге ұқыпты және саналы түрде қарауы тиіс деген қорытындыға келді, өйткені біз осы әлемнің бір бөлігіміз және оны өз ұрпақтарымыз үшін сақтап қалуымыз керек.