09.06–19.06 аралығында мектеп базасында «Патриот» әскери-спорттық лагері жұмыс істеді. Жазғы каникулдар – балалардың бос уақыттарының едәуір бөлігін алатын кезең. Бұл уақыт олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, жеке қабілеттерін жетілдіруге, мәдениет құндылықтарына баулуға, өз жоспарларын жүзеге асыруға, жеке маңызды қызмет салаларында қызығушылықтарын қанағаттандыруға өте қолайлы кезең болып табылады. Жаз – бұл ойын, көңіл көтеру, қызығушылыққа сай еркін әрекет ету, жыл бойы жиналған кернеуді босату, денсаулықты қалпына келтіру уақыты. Бұл – балалардың еркін қарым-қатынас кезеңі. Жазғы әскери-спорттық лагерьлерді ұйымдастыру – оқушылармен жұмыс жасаудың ең қызықты және маңызды түрлерінің бірі. Осы кезеңде лагерь балаларды сауықтыру мен әскери-патриоттық тәрбиелеуде маңызды миссия атқарады.