12.09.2025
11-сыныпта «Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен отбасылық құндылықтардың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста ата-аналар мен балалар арасындағы өзара түсіністік мәселелері талқыланды. Өйткені отбасы — жасөспірімнің ересек өмірге сәтті бейімделуінің негізгі факторы.
Сондай-ақ ата-аналар «Адал азамат» тәрбие бағдарламасымен таныстырылды, мектепте қауіпсіз ортаны қалыптастырудың маңыздылығы, бірыңғай мектеп формасын сақтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, сыныптың ата-аналар комитеті сайланды.