Текст
Ресурстық орталықта ағылшын тілі пәнінен қызықты «I Know Everything» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Оқушылар викториналарға, ойындарға және шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысып, ағылшын тіліндегі сөздік қорын, грамматикалық білімін және елтану саласындағы білігін сынады. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың зерделілігін, өзіне деген сенімін және ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырды.