Текст
18.02.2026
2026 жылғы 18 ақпанда мектебімізде Шәрапи Әлжановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Шәрапидің ізімен» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушылар ғалымның өмір жолымен, Қазақстандағы білім беру мен педагогика ғылымына қосқан үлесімен танысты. Сондай-ақ 1937–1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңі, оның жазықсыз құрбан болуы және кейін ақталуы туралы әңгіме қозғалды.
Мұндай іс-шаралар тарихи жадымызды сақтауға және ғылым мен білімге еңбек сіңірген тұлғаларға құрмет көрсетуге тәрбиелейді.

