Текст
22.04.2026
22 сәуір күні мектепте бракераждық комиссия тарапынан мектеп асханасына тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейі, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, азық-түлікті сақтау тәртібі, сондай-ақ тағамдардың сапасы мен олардың белгіленген нормаларға сәйкестігі бағаланды.
Тексеру кезінде тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитарлық талаптардың орындалуы басты назарда болды.
Жүргізілген тексеру мектептегі тамақтанудың сапасы мен қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

