Текст
15.04.2026
Мектептің әлеуметтік педагогы Ерке А.А. 8-сынып оқушыларымен «Гаджеттер және рухани даму» тақырыбында пікірталас өткізді.
Іс-шара барысында білім алушылар заманауи цифрлық технологиялар мен гаджеттердің адамның тұлғалық және рухани дамуына әсерін талқылады. Уақытты тиімді пайдалану, құндылықтарды қалыптастыру, ішкі дүниені дамыту және виртуалды өмір мен шынайы өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пікірталас барысында оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, жеке тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, гаджеттердің күнделікті өмірдегі рөлі туралы ой бөлісті. Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын дамытуға және цифрлық орта жағдайында рухани дамудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
