10.07.2026
Жазғы демалыс кезінде мектепте 5–8-сынып оқушыларына арналған «Біз біргеміз» психологиялық клубы өз жұмысын жалғастыруда. Клуб жұмысының мақсаты – оқушыларға қолайлы психологиялық орта қалыптастыру, эмоционалдық интеллектін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру және жазғы демалыс кезеңінде психологиялық саулығын нығайту.
Клуб аясында «Мен және менің эмоцияларым» атты апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушылардың өз эмоцияларын танып-білуіне, түсінуіне және оларды дұрыс, қауіпсіз түрде жеткізе білуіне ықпал ету.
Сабақтар барысында оқушылар түрлі эмоциялармен танысып, ойын және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, өздерінің эмоциялық жағдайын басқару жолдарын талқылап, қиын өмірлік жағдайларда бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді. Іс-шаралар балалардың өз сезімдерін еркін білдіруіне, өзін және өзгелерді жақсырақ түсінуіне, өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.