Текст
07.09.2026
7 қыркүйекте КГУ «Байдалалы Оразалин атындағы жалпы білім беретін мектебінде» Отбасы күніне арналған (7–13 қыркүйек) Отбасы апталығы аясында «Ұрпақтар диалогы: біз бір-бірімізден не үйрене аламыз?» атты іс-шара өтті.
Кездесуді әлеуметтік педагог Ерке А.А. өткізді. Оқушылар аға буын өкілдерімен, отбасылық жұптармен және «Мерейлі отбасы» қатысушыларымен кездесіп, отбасылық дәстүрлер, өзара құрмет, түсіністік және ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелесті.
Ұрпақтар диалогы жалғаса берсін! 🤍

