Текст
08.09.2026
8 қыркүйек
Мектепте бракераж комиссиясы мектеп асханасындағы тамақтандыруды ұйымдастыруға тексеру жүргізді.
Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, азық-түлікті сақтау талаптарының сақталуы, тағамдарды дайындау жағдайы, сондай-ақ дайын тағамдардың сапасы мен белгіленген нормаларға сәйкестігі қаралды.
Оқушылардың қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуына ерекше назар аударылды.
Тексеру тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылау және қажетті қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді.


