Текст
Бүгін, 1 ақпан күні мектебімізде "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы"онкүндігінің ашылуы өтті. Жиында адамдарға жақсылық жасауға, адал болуға, өз мүддесі үшін емес, қоғамдағы, адамдар арасындағы қызықты және лайықты өмір үшін мәдени қарым-қатынас жасауға шақыру айтылды. Шынында да, қоғамда әдептілік адамның қарапайымдылығы мен ұстамдылығы, өз іс-әрекеттерін бақылау, басқа адамдармен мұқият және әдепті қарым-қатынас жасау қабілеті болып саналады. Біздің әрқайсымыз бақытты болғымыз келеді, ал басқаларды бақытты етуге тырысатын адам бақытқа жетеді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А.Т.Алтенова онкүндіктің барлық іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ жұмыс жоспарымен таныстырды.