Текст
    
                                
            
                19.03.2019
        Наурыз мейрамы – бұл барлығы асыға күтетін көктем мен Жаңа күн мерекесі. Бүгін 19 наурыз күні «Балапан» шағын-орталығында Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты ертеңгілік өткізілді. Балалар ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын оқыды. Қазақтың «Тұсау кесер» салт-дәстүрі көрсетіліп, «Арқан тартыс» ойыны ойнатылды. Ертеңгілік соңында балалар мен қонақтар ұлттық тағамдар мен Наурыз көжеден дәм татты. Мейрам көңілді де қызықты өтті.

