10 сәуірде 5-6 " Б "сыныбында"Интернеттің зияны мен пайдасы" атты сынып сағаты өтті. Шара басында оқушылар ғаламтор туралы жұмбақтар шешіп, әлеуметтік желілер туралы, Интернеттің олардың өміріне, денсаулығына әсері туралы сауалнама сұрақтарына жауап берді. Ертегі тыңдап, Интернет туралы тарихи анықтамамен танысты. Содан кейін оқушылар "Интернет қорғаушылары" және "Интернет қарсыластары" болып екі топқа бөлінді, әр команда өз көзқарасын қорғап, нәтижесінде балалар өз ойын ортаға салды. Интернет зиян келтірмеу үшін белгілі бір ережелерді орындау қажет. Іс-шараға қатысушыларға "Қауіпсіз Интернет"ережелерін ұмытпау керек. Сонымен қатар сынып сағатында балаларға "Интернеттің зияны мен пайдасы туралы", "Интернеттегі тәртіп ережелері"бейнероликтер көрсетілді. Соңында кездесудің қорытындысы шығарылды: балалардың ешқайсысы осы тақырыпқа бей-жай қалмады. Интернет дос немесе жау болуы-тек бізге байланысты.