2018 жылдың 5-ші қаңтарында 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен сыныптан тыс «Өмір –мейірімді істер үшін берілген» атты іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаттары:
- Мұғалімдердің оқушыға мейірімділікке үйрету
- Оқушының өзін-өзі танып жақсы қасиеттерін дамыту
- Өзіндік тәртіпті бағалау кезіндегі адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру
Сыныптан тыс іс-шарада балалар «Кім жылдам?» ойынын ойнады, сөздерді естіп, мұғалім айтқан бұйрықтарды орындады. Сонымен қатар
ата-аналармен балалар арасындағы мейірімділік жайлы бейнетүсірілім көрсетілді. Осы тақырып бойынша балалар сахналық қойылым көрсетті. Балалардың назарына мейірімділік және жамандық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Іс-шара Л.Н.Толстойдың: «Адам неғұрлым ақылды және
мейірімді болса, соншалықты ол басқа адамдардың мейірімділігін байқайды» - деген сөзімен аяқталды.