«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Веселое ауылының Социалистік Еңбек Ері, Байдалы Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Байдалы Уразалина, Героя Социалистического Труда села Веселое отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әбіш оқулары"

27.12.2017

Желтоқсан айының 22-ші жұлдызында, аудан орталығы Балкашино селосының №1 орта мектебінде тұңғыш рет аудандық "Әбіш оқулары" байқауы өткізілді. Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өмірін танып-білуге, көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында өткен бұл байқау Веселое орта мектебі оқушыларының да ізденістері мен еңбектерінің жемісін көрсетті. Аудандық "Әбіш оқулары" байқауына белсене қатысқаны үшін Веселое орта мектебінің барлық оқушыларына сертификаттар табысталып, "Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауында" ІІІ орын алғаны үшін    10 "А" сынып оқушысы Шаяхметова Айнұр, "Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауында" ІІІ орын алғаны үшін 11 "А" сынып оқушысы Шаяхметова Данеля марапатталса, "Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы" бағытында Веселое орта мектебінің шығармашылық тобы  ІІІ орынмен ерекшеленді.

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст