Текст
Бастауыш сынып оқушылары арасындағы өзін-өзі тану онкүндігінің аясында «Мейірімге толы жүрек» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өтті.Аталған шараның мақсаты оқушылардың өлең жолдарын нақышына келтіре оқулары мен әлемнің сұлулығын тануы болып табылды. Оқушылар бұл байқауға үлкен дайындықпен кірісті, сол үшін де қазылар алқасына да жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.