Текст
Өзін-өзі тану пәнінен онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес 3 ақпан күні "Әлем-балалар көзімен" атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. «Достық әлемінде» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды, көрмеде біздің еліміздің және бүкіл әлемнің әртүрлі ұлттардың арасында достық қарым-қатынасы көрсетілген. Мектеп кітапханашысы Яковлев Е. Г оқушыларға арналған «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Ол Сара Алпысқызының өмірі, қызметі, кітаптары және қайырымдылық қызметіне қосқан үлесі туралы айтып берді.