Текст
21 қазан күні 9-сыныпта Республика күніне орай ауызша журнал түрінде сынып сағаты өткізілді. Іс-шара Қазақстан туралы әдемі өлеңдер оқудан басталды. Оқушылар журнал беттерін аралап, мемлекетіміздің тәуелсіздігін қалыптастырудың негізгі кезеңдерін еске алды. Іс-шараны өткізу барысында балалар ел тарихына қызығушылық танытып, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні туралы ой-өрісін кеңейтті.