Текст
Міне, Алтын күзіміз де келіп қалды. Жылдың ең әдемі және көркем мезгілі. Күз сары, қызыл, қызғылт сары түстерді жақсы көреді және ол бәрін алтынмен себуді ұнатады. Біздің шағын-орталықта және мектепалды сыныбында «Түрлі-түсті күз» атты мерекені өткіздік. Мерекеміз күздің әдемі бейнесі туралы тақпақтар мен өлеңдерден басталды. Балалар үлкен қуанышпен ән айтып, би биледі. Балалар ата-аналарымен бірге «Жапырақтарды бояу», «Қайынды киіндіру» атты сайыстарға белсеңе қатысты.
Мереке соңында Күз ханшайымы балаларға қызыл түсті алмаларды тарту етті. Мереке- ол түстердің сиқыры, тамаша көңіл-күй және бүлдіршіндердің тамаша әсері.