Текст
Бүгін, 24 қарашада "Математика, информатика және физика" онкүндігі аясында 4-5 сыныптарда "ЛЕГОТЕХНИК "лего - конструкциясы бойынша байқау өткізілді. Балалар байқауға өте белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, басқатырғыштар жинады және лего-конструкторларды жинау бойынша жарысты. Байқау соңында қазылар алқасы қорытындылап, байқау нәтижелері жарияланды.