Текст
Қысқы демалыста мектеп психологы жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша "Болашақ мамандығы" тақырыбында әңгіме өткізді. Мамандық таңдау - өмір жолын таңдау. Оқушылар кәсіптер әлемі туралы түсінік алу үшін басқа адамдардың көмегіне мұқтаж. Мұғалімдер мен психологтар мамандықтардың таңғажайып әлеміне жол көрсетуші бола алады және балаларға дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.