Текст
Бүгін психологтар апталығы аясында "Біз біргеміз" отбасылық клубында 6 сынып оқушылары мен ата-аналарының кездесуі өтті. Мектеп психологы кездесуге қатысушылармен сұхбат жүргізді. 5-11 сынып оқушылары арасында "Ең – ең ..." сауалнамасы өткізілді, онда оқушылар мектептің ең мейірімді, ең қайырымды, ең көңілді және қатал мұғалімдерді таңдады. 1 сынып оқушылары мектеп ұжымын "Жарқын көңіл-күй күні" акциясымен қуантып, жылы лебіздерін білдірді.