Бүгін мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты линейка өтті.
Мектеп директоры Телпекбаев М.С.; мереке қонақтары: Сандықтау аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Абильмажинов С.К., «Байдалы» ЖШС басшысы Уразалин Б.Б., «Байдалы-2» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы Уразалин М.А. барлық оқушыларды, мектеп ұжымы мен ата-аналарды оқу жылының басталуымен құттықтады. ЖШС және АШК басшылары дәстүрлі түрде бірінші сынып оқушыларына оқу құралдары салынған рюкзактарды табыс етті. Мектеп меңгерушісі Аймергенева Н.Ж. "оқу жылының басталуы туралы" бұйрығымен таныстырды. Салтанатты сап бірінші сынып оқушылары үшін білім жолының ашылғанын және барлық оқушылар үшін оқу жылының басталғанын жариялаған мектеп қоңырауымен аяқталды. Мереке «Мектеп – мейірімділік өлкесі» тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты.