Текст
Бүгін мектебімізде «Мейірімділік – ежелден адамның сәні» атты психология апталығының ашылуы өтті. Бірінші күні «Жақсы көңіл-күй шақырымы» акциясы басталды.5-11 сынып оқушылары арасында «Мейірімді болсам, адамдар үшін не істер едім» эссе байқауы жарияланды.
Психология апталығы аясында мұғалімдер арасынан жақсы көңіл-күй комиссиясы құрылып, үзіліс кезінде оқушылармен ойын өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін көтереді.