«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Веселое ауылының Социалистік Еңбек Ері, Байдалы Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Байдалы Уразалина, Героя Социалистического Труда села Веселое отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылдың қорытындысы («Балапан» шағын-орталығы)

26.12.2023

2023 жыл ішінде құрамында 4 адамнан тұратын "Балапан" шағын-орталығының қызметкерлері (тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшілері) шағын-орталыққа баратын балалармен жоспарларға сәйкес сабақтар мен іс-шаралар өткізді. Өткен оқу жылының соңында шағын-орталықта мектепалды сыныпқа ауыстырылған 10 түлек болды; қазіргі уақытта шағын орталықта 25 бала тәрбиеленуде. Барлық балалар тәрбие процесінің белсенді қатысушылары болып табылады: сабақтарға қатысады, өткізілетін барлық сыныптан тыс іс-шараларға қатысады. Осы оқу жылының басынан бері бұл жұмыс жалғасуда. "Алтын күз", "16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні", "Жаңа жылдың шытырман оқығасы"сияқты іс-шаралар өте қызықты өтті. Ең белсенді тәрбиеленушілер аудандық деңгейде ерекшеленді:"Табиғат-біздің ортақ үйіміз" Эко-акциясы байқауға Арлан Аяжан, Козека Захар, Тарасов Захар, Пшонко Валерия; "Балабақшадағы ғылыми жоба" байқауына Арлан Аяжан, Берік Айлана, Қонышпай Ержан қатысты. Берік Айлана "Өнеріміз саған-Қазақстан" байқауында жеңімпаз атанып, "Үздік би композициясы"номинациясында 2 орын алды. Балалармен ұйымдастырылған барлық жұмыс жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге және кез-келген шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыс пен шеберлікті дамытуға бағытталған.

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст