Текст
Өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, сіңіру қай уақытта да өзекті.
Біздің болашағымыз, ел ертеңі – жас ұрпақ болса, ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы.
Ел ертеңі болатын бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, оларға барынша әлеуметтік қолдау көрсету, олардың толыққанды білім алуына жағдай жасау, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – Қазақстанның ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Оқушыларды тәрбиелеу мыналар арқылы жүзеге асырылады: оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары; сыныптан тыс жұмыстар; отбасымен ынтымақтастық.
Мектеп оқушылары мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.