Текст
Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы жұмысы аясында 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Баланың амандығы оның бақытты өмірінің негізі» тақырыбында әңгіме өткізілді. Бұл мәселе ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды, біз көптеген пайдалы идеялар мен практикалық ұсыныстарды талқыладық. Отбасында үйлесімді орта құру және баламен қарым-қатынасты нығайту – әрбір баланың табысты дамуы мен бақытты өмір сүруінің кепілі.