Қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға – Абай күнінің тойлануы бар қазаққа асқан қуаныш сыйлары сөзсіз!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – Абай күні деп бекітілді.
Абай шығармашылығы бүгінгі күні ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлесін қосып келеді. Ақынның мерейтойы аясында колледжімізде ұйымдастырылған іс-шаралар легі де дәл осы мақсатты алдына қойды. Сонымен қатар Абай күніне орай ақынның поэзиясын, қара сөздерін насихаттау мақсатымен мәнерлеп оқудан сайыстар, оқушылар арасында «Абай мұрасы» тақырыбында эссе т.б. тағылымды дүниелер жүзеге асырылды.
Абайды ұлықтау – қазақ сөз өнерін өз биігіне көтерумен парапар. Ақын мұрасы ғасырлар бойы өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайтыны сөзсіз.
Мереке баршаңызға құтты болсын!