Текст
9 қараша күні жоғары сынып оқушыларымен бірге психолог "Дербес өмір табалдырығында. Репродуктивті денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау дағдылары" тақырыбына онлайн тренинг өткізді. Тренингтің негізгі міндеттері: - «репродуктивті денсаулық» ұғымын өмірлік құндылық, оның құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыру; - күнделікті өмірде репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту бойынша негізгі дағдыларды игеруге ықпал ету.
Жоғары сынып оқушылары СӨС туралы бейнеролик көрді. Жұмыс нәтижесінде оқушылар репродуктивті денсаулық біздің көзқарасымызға, құндылықтарымызға және өзімізді және айналамыздағы адамдарға қалай қарайтынымызға байланысты деген қорытындыға келді.