10 қарашада 5-9 сынып оқушыларымен "Барлық адамдар әртүрлі, бірақ олардың құқықтары бірдей" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: балалардың кейбір құқықтары, адамдардың жеке айырмашылықтары және олардың құқықтарының теңдігі туралы түсінік беру. Балалардын құқықтары туралы құжаттармен таныстыру, сыныптағы құқықтар мен міндеттер туралы түсінік беру. Оқушылар бейнеролик көріп, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Белсенді қатысқан оқушылар өз құқықтары мен тілектерін білдірді. Содан біз бір қорытындыға келдік.
- Сонымен, барлық адамдар әртүрлі. Біздің есімдеріміз әр түрлі, көздеріміздің, шаштарымыздың түсі әр түрлі және бізді көп нәрсе ажыратады. Бірақ біздің ортақ нәрселеріміз көп. Барлық адамдар әртүрлі, бірақ олардың құқықтары бірдей.